03 маусым 2014 | 18:20

Суға кеткендердің қатары көбейіп барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде суға кетушілердің қатары көбейіп барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде суға кетушілердің қатары көбейіп барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Жылдың басынан бері 87 адам суға батып кетті, оның ішінде, 17-сі - бала, бұл 2013 жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда 30 адамға көп. Судан құтқару қызметі 160 адам мен 10 баланы құтқарған. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға адамдардың балық аулау кезіндегі қауіпсіздікті сақтамауы себеп, дәл осы себептен 38 адам суға кетіп қалған", - деді Иманқұлов брифингте.

Оның мәліметінше, өткен бес ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 13 адам, Алматы облысында 10 адам, Жамбыл облысында 9 адам суға кеткен. Былтыр суға шомылу маусымы кезінде 303 адам қайтыс болған, оның 48-і - бала. 

"11 696 суқоймада инвентаризация жүргізілді. Шомылуға жарамды 480 демалыс аймағы анықталды, оларда қауіпті заттардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Биылғы шомылу маусымында суға түсуге арналған 371 ресми орын жұмыс істемек, оның 109-ы - балалар жағажайы", - дейді ресми өкіл. 

Иманқұловтың айтуынша, елімізде арнайы дайындықтан өткен жұмыссыздар есебінен ерікті құтқару бөлімшелері құрылып жатыр. Биыл қосымша 50 құтқару бекеті ашылмақ. Қазір 254 еріктіні оқытып-дайындау басталды.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети