Суицид жасамақ болған ақтөбелік қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суицид жасамақ болған ақтөбелік қаза тапты © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде ер адам жұмыс орнында суицидке бармақшы болып, жарықшадан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ер адам жұмыс орнында суицидке бармақшы болып, жарықшадан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 48 жастағы ер адамның жарақаты жайлы айтып берді

"1970 жылғы ер адам 6 маусымда сағат 12:45-те ауруханаға жеткізілді. Көптеген жарақат алған. Науқас травмалық шок алған. 13:15-те үш бригаданың қатысуымен ота жасалды. Травматолог-хирург, қан тамырлары хирургтары және жалпы медициналық дәрігерлер науқастың өмірі үшін қанша алысқанымен ол 6 маусымда 20:40-та қайтыс болды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанова. 

Болжаммен, қайтыс болған ер адам Ақтөбедегі күзет мекемелерінің бірінде істеген. 

Осыған дейін Ақтөбе облысының өкілдері қаладағы компаниялардың бірінде ер адамның өз өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлаған. 

"6 тамызда шамамен 12:20-да Ақтөбе облыстық ІІД орталық жедел әрекет ету орталығына 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойындағы компаниялардың бірінде ер адамның зардап шеккені туралы хабар түскен. Ақтөбе тұрғыны суицидке бармақшы болғаны анықталған, ол әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, алайда бірнеше сағат өткеннен кейін ол қайтыс болған. Оқиғаның мәні жайы анықталып жатыр", - ведомство баспасөз қызметі. 

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша жүріп жатыр және қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети