Іле ауданы Өтеген батыр ауылының Instagram-парақшасында жергілікті зират маңындағы қоқыс, бұтақтар және құрылыс материалының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іле ауданы Өтеген батыр ауылының Instagram-парақшасында жергілікті зират маңындағы қоқыс, бұтақтар және құрылыс материалының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрларға қарағанда, бұл - мұсылман зираты. Аумақтың айналасына темір қоршаулар орнатылған, бірақ бұл тәртіпбұзушыларға кедергі келтірмейді. Олар барлық қоқысты дәл кіреберіске тастап кеткен. Үйінді арасынан әртүрлі қорапты, сыра құмыраларын, басқа да құрылыс қалдықтарын көруге болады.
"Міне, зиратта осындай қоқыс бар. Осындай заттар жатыр. Бұл сұмдық. Әкімдік қайда қарап отыр? Барлық құзырлы орган қайда қарайды?", - дейді видеодағы ер адам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкімдік қайда қарап отырғаны, зираттағы қоқысқа кім жауап беретіні әзірге белгісіз. Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілі бұл оқиғаға жағымсыз жауап берді.
"Тұрғындар қоқысты неге онда тастайтынын өздерінен сұрау керек. Жерден жеті қоян тапқандай осыдан жаңалық жасайсыздар. Тазалаймыз", - деп жауап берді Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Талғатұлы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!