06 ақпан 2014 | 10:53

Сүйек орнына автокөлікті кеміріп тастапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет mirror.co.uk сайтынан алынды Сурет mirror.co.uk сайтынан алынды

Англияның әуесқой автомобильшісі Ройстон Гримстэд бір күні кешкісін үйіне келіп, гаражына бас сұққанда таңқаларлық жағдайға тап болды. Осыдан бір жыл бұрын 80 мың фунт сатерлингке сатып алған (130 мың доллар) Aston Martin қара кабриолет көлігін өзінің иті бүлдіріп кеткен. Бордер-колли Люси атты ит көліктің шыны талшықтан жасалынған дөңгелекүсті қапталын шайнап тастаған, деп жазады Tengrinews.kz Daily Mirror басылымына сілтеме жасап. Өзінің иесін көрген ит бірден жасаған қылығын тоқтатып, кінәлі кейіппен таса жерге тығылып қалған. Әлгі британ жігіті сақтандыру компаниясына барғанда, ондағылар көлікке келтірілген залалды үш мың фунтқа бағалаған. Көлік иесінің айтуынша, ол Люсиді үш жылдан бері асырап келеді. Осы уақытқа дейін ит үйдегі ешқандай затты бүлдірмеген. Шындығында, соңғы уақытта Люси үйдегі өзге итпен таласқа түскендіктен, Ройстон оны басқаларға беруді ойлаған. "Осы себептен ол көлікті бүлдірген шығар" деп болжайды Ройстон Гримстэд. Хайуандардың мінез-құлқын зерттейтін сарапшы Хелен Стоунның айтуынша, ол өзінің тәжірибесінде мұндай оқиғаны бірінше рет естіп отыр екен. "Негізі иттер үй жиһаздарын, есік, дивандарды жиі тістейді. Бірақ көлікті бүлдіру бұл тым шектен шыққандық",- дейді ол.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети