"Сүйреп жүр". Қарағандыдағы балабақша қызметкерінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сүйреп жүр". Қарағандыдағы балабақша қызметкерінің әрекеті видеоға түсіп қалды Видео кадры

Әлеуметтік желіде жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео тарады. Видео Желіде резонанс тудырды, мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүргізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео тарады. Видео Желіде резонанс тудырды, мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүргізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған кадрларда сырт киімімен еденде жатқан кішкентай қыз көрінеді. Видеодан оның балабақшада қалғысы келмегенін байқауға болады. Сәлден соң оған балабақша қызметкері келіп, қыстық күртесінің жеңінен жұлқып, ертіп кетеді. Видео сипаттамасында мұндай жағдай жиі болатыны жазылған.

"Мен куәгермін. Балабақшадағы психикасы бұзылған қызметкердің әрекетін жай қалдыра алмадым. Бұны аноним жариялауыңызды сұраймын. Себебі мұндай қарым-қатынасты ортағасырдағы садизмнің бір түрі деп санаймын. 40 000 теңгеге балалардың психикасын бұзатын жеке мекеме! Онда жүрегі ауыратын бала бар, бұлай жалғасса оны қиын жағдайға дейін жеткізеді. Барлық дені сау емес қызметкерді тексергенін қалаймын", - делінген видео сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Блогер|Общественник|Караганда (@obn.blog)

Видеоға қатысты Қарағандының білім басқармасы да пікір білдірді.

"Видеоны көрдік. 22-23 қарашада осы балабақшада қызметтік тексеру жүргізіледі. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - деді департаменттегілер.

Ал желі қолданушылары зардап шеккен баланың ата-анасы полицияға арыз жазуы керек деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети