"Шыдай алмаймын! Өтінемін" - Астаналық бес қабатты үйден құлап кете жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шыдай алмаймын! Өтінемін" - Астаналық бес қабатты үйден құлап кете жаздады Кадрдан алынған видео

Желіде бесінші қабаттың терезесінде ілініп тұрған ер адамның видеосы жарияланды. Ол терезенің тақтайынан ұстап тұрып, айғайлап кері кіргізуін сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде бесінші қабаттың терезесінде ілініп тұрған ер адамның видеосы жарияланды. Ол терезенің тақтайынан ұстап тұрып, айғайлап кері кіргізуін сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Оқиға 29 қыркүйекте Астанада болған. ІІД баспасөз қызметінің өкілдері сағат 16:00-де 102 нөміріне Қобыланды батыр көшесінің бойындағы үйлерде ер адам терезеден секірмекші деген хабар түскенін айтты. 

Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, ер адамды үйіне кіргізген. Кейін 40 жастағы ер адам мен оның әйелін оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізді. 

Сөйтсе, ерлі зайыптылар арасында шыққан жан-жалдан кейін ер адам оны пәтерден шығармаса, терезеден секіріп кететінін айтып қорқытқан. Ол балконға шығып, кейін терезенің таянышына сүйеніп алған. 

"Ерлі-зайыптыларға қатысты қорғау бұйрығы шығарылды. Оқиғадан кейін медицина қызметкерлерін шақырып, ер адамды денінің саулылығына тексеруі үшін психиатрлық ауруханаға жеткізді. Полицейлердің оқиға орнына дер кезінде жеткенінің арқасында оқыс-оқиға болған жоқ", - деді полиция қызметкерлері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети