Шығыс Қазақстанда 10 күн бұрын жоғалып кеткен фермер өлі күйінде табылды

Шығыс Қазақстанда 10 күн бұрын жоғалып кеткен фермер өлі күйінде табылды © Yandex.ru

Шығыс Қазақстан облысында осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен фермер өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Марқұмның денесін Тарбағатайдан 23 шақырым жерден Аягөз ауданының жергілікті тұрғындары тауып алған.

Порталдың мәліметінше, қазір полицейлер ер адамның қаза болу себептерін анықтап жатыр. Оның нақты неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда фермердің із-түcсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Тарбағатай ауылының 53 жастағы тұрғыны 24 наурызда "Қалібек" шаруа қожалағының қыстағына қарай кеткен. Алайда ол діттеген жеріне жетпепті.

Реклама
Реклама

 

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама