30 наурыз 2015 12:12

Шығыс Қазақстанда фермер із-түcсіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Yandex.ru ©Yandex.ru

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен фермер алты күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz. Аягөз ауданында өткен аптада үйінен жұмысына шыққан ер адам із-түcсіз жоғалып кеткен.


Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен фермер алты күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz. Аягөз ауданында өткен аптада үйінен жұмысына шыққан ер адам із-түcсіз жоғалып кеткен.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тарбағатай ауылының 53 жастағы тұрғыны 24 наурызда "Қалібек" шаруа қожалағының қыстағына қарай кеткен. Алайда ол діттеген жеріне жетпепті.

"Кешке қарай оның туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Құтқарушылар жоғалған азаматты іздеуге кірісті, әзірше ешқандай нәтиже жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда Жарма ауданы тұрғынының жоғалып кеткені хабарланған еді. Алайда ол екі күннен кейін аман-есен табылды. "Жарма ауданы Үш биік ауылының адасып кеткен тұрғынын әкімдік қызметкерлері 18 ақпан күні сағат 10.30-да тауып алды, жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети