Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды

©maps.yandex.ru

Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 19 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12.43-те тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымнан және Қытайдың Үрімжі қаласынан солтүстікке қарай 550 шақырымнан анықталды. Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметінше, тербелістің магнитудасы 4,7 болды.

Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,1. "Эпицентр Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 845 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9,7-ге тең", - деп хабарлады СТӘЭ мекемесінің мамандары. Жер сілкінісі 0-5 шақырым тереңдікте болған.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 16 тамыз күні Алматы маңында 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі оңтүстік астанадан шығысқа қарай 41 шақырым қашықтықта болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама