Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ – Божко

16 Тамыз 2014, 12:13
0
Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ – Божко - Владимир Божко. ©Ярослав Радловский
Владимир Божко. ©Ярослав Радловский

Алматыда болған жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ішкі істер вице-министрі Владимир Божконың Твиттердегі блогына сілтеме жасай отырып.

Еске салайық, жер сілкінісі бүгін түнде Астана уақытымен 3:42-де тіркелген болатын.  Ведмоство өкілдері мәлімдеп отырғандай, сағат 3:50 шамасында құтқарушыларға жер сілкінісі болған аумақты тексеріп шығу тапсырылды.

"Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, облыс аумағында және Еңбекші қазақ ауданында зардап шеккендер жоқ"  - деп жазады В.Божко өзінің Твиттердегі блогында.

Төтенше жағдайлар комитетінің деректеріне сүйенсек, Алматыда таяу арада күшті жер сілкінісі болмайды. Комитет өз хабарламасында "14-20 тамыз аралығындағы кординаттық есептеу φ=42о30′-44о00′N және λ=75о00′-80о00′Е болып шектеліп отыр. Алматыда 7 балдық және MSK-64 шкаласынан жоғары жер сілкінісі болмайды" - деп хабарлады.  
Еске салайық, тамыздың 15-інен 16-сына қараған түні Алматы облысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 41 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай