Шығыс Қазақстанда "мина басып кеткен" ер адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда "мина басып кеткен" ер адам құтқарылды © Varianty.net

Шығыс Қазақстан облысында "мина басып кеткен" ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында "мина басып кеткен" ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қазанда, сағат 16.55-те диспетчер қызметінің пультіне Бородулиха ауданы, Камышкенка ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол құтқарушыларға өз үйінде мина басып кеткенін, егер аяғын алса жарылыс болуы мүмкін екенін айтқан. "Аудандық ІІБ қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы үйден мина тапқан жоқ. 1980 жылғы ер адам оқиға болған жерде ұсталды. Оның ішімдік ішкені анықталды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес, жалған хабарлама таратқан адамға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети