Шығыс Қазақстанда селден зардап шеккендерге үй сатып алуға және жөндеуге қаржы бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда селден зардап шеккендерге үй сатып алуға және жөндеуге қаржы бөлінеді ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық бюджет тарапынан су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға үйлерін жөндеу мен сатып алу үшін қаржы бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық бюджет тарапынан су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға үйлерін жөндеу мен сатып алу үшін қаржы бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы өткен алқалы жиында аймақ басшысы көктемгі су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға үйлерін жөндеуге, қалпына келмегендердің орына жаңадан баспана сатып алу үшін қаржы бөлуді тапсырды.

"Ең алдымен біз үйлерді қалпына келтіруге көмектесеміз. Баспана мәселесі өте өзекті. Сондықтан құрылысшылар жөндеу жұмыстарын 20 мамырдан кешікпей бастау керек. Өзім арнайы барып бақылап қайтам", - деді Даниал Ахметов.

Еске салайық, жалпы облыс бойынша су тасқынан 256 тұрғын үй нысандары зардап шекті. Абай ауданында - 4, Бесқарағай ауданында - 19, ең ауыр зардап шеккен Зырян ауданында - 233. Мұнда 188 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 45-і жарамсыз деп танылып отыр. Олардың орнына жаңадан тұрғын үй салынатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети