Шығыс Қазақстанда төрт бірдей қар көшкіні болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда төрт бірдей қар көшкіні болды © Lightsup.ru

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күр жоғарылауы салдарынан төрт бірдей қар көшкіні болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күр жоғарылауы салдарынан төрт бірдей қар көшкіні болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 наурызда сағат 17.10-да Қатон-Қарағай ауданында болған қар көшкіні салдарынан "Согорное - Барлық" автожолы жабылып қалған. Қар көшкінінің көлемі 130-дан 540 шаршы метрге дейін жетті. Табиғи құбылыстың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Сағат 23.50-де Комарихинский ауылдық округінің күшімен жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Қауіпті аймаққа кірер жерге полиция қосыны қойылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК қар жиналатын орындарға бақылау жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі температура 5-10 градусқа, кей жерлерде 15 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіліп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети