Шығыс Қазақстанда түтінге тұншыққан баланы әжесі құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда түтінге тұншыққан баланы әжесі құтқарды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданында жеке үйлердің бірінде өрт болып, бес жасар бала түтінге тұншығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданында жеке үйлердің бірінде өрт болып, бес жасар бала түтінге тұншығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 қаңтарда сағат 12.50-де Путинцево ауылындағы тұрғын үйде өрт шықты. Үйдің төбесі, ағаш жабындысы бар шатыры өртенді", - делінген баспасөз хабарламасында. Өртсөндірушілердің айтуынша, түтін будағы ауылды түгелдей жауып қалды. Оқиға орнына өртсөндірушілер келмей жатып, түтінге тұншығып қалған бес жасар баланы үйден әжесі алып шыққан.  

Зардап шеккен бала қалалық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайының орта деңгейде екенін айтты. Өрт сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар қызметі жеке құрамның 4 адамы мен 2 дана техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 26 желтоқсан күні бұл облыста Шақаман ауылында 14 жастағы жасөспірімнің екі кішкентай баланы өрттен құтқарып қалғаны хабарланған болатын. Жеке үйлердің бірінің қарт тұрғыны бес жасар немересі мен оның үш жасар досын сырттарынан кілттеп кетіп, үйдегі балалар сіріңкемен ойнаймыз деп, ағаш еденге от тигізіп алған. Жалын жиһаздарға жайыла бастайды. Терезеден сыртқа түтін шығып жатқанын көрген 14 жастағы көрші Санжар Сүйежанов бірден есікті бұзып кіріп, ыс иісіне қарамастан, екі баланы жалыннан құтқарып қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети