Сырдарияда суға батып кете жаздаған ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырдарияда суға батып кете жаздаған ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалған Фото: polisia.kz

Түркістан облысында патрульдік полицейлер суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында патрульдік полицейлер суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан ер адамды ажалдан арашалап қалған. Республикалық маңызы бар Сарыағаш – Жетісай – Жібек Жолы тасжолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқаған.

"Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Сағынбаев суға секіріп түсіп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады", - делінген хабарламада.

Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін байқағаны белгілі болды. Малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Қазіргі уақытта полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы қалыпты екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети