"Шымбұлақтағы" аспа жолда кабина құлап кетті деген қауесет жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақтағы" аспа жолда кабина құлап кетті деген қауесет жоққа шығарылды © livejournal.com

Желіде аспа жолдарындағы кабинкалардың бірінің құлап кеткені түсірілген видео пайда болды. Алайда видео авторы оқиғаның қай жерде болып жатқанын нақтыламайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде аспа жолдарындағы кабинкалардың бірінің құлап кеткені түсірілген видео пайда болды. Алайда видео авторы оқиғаның қай жерде болып жатқанын нақтыламайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы шипажайының маркетинг директоры Владислав Семенов аспа жолдарының істен шықпағанын, курорттың әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын айтты. "Біз жоққа шығарғымыз келетін жалған мәлімет келіп түсті. Бізде барлығы жақсы, ешқандай да тосын жай болған жоқ. Жалған ақпарат таратқан адамдар жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген курорттың Instagram желісіндегі парақшасында.

Владислав Семеновтың айтуынша, тау шаңғысы курортының әкімшілігі жалған ақпарат таратқан адамды тауып, оны жазалау үшін жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарласады.

Сонымен қатар, курорттың маркетинг директоры видеодағы кадрлардан барлық кабинаның сыммен тұрғанын айтып өтті. "Гондолды жол әдеттегідей тоқтап қалған. Оның тоқтауының себебі - курорт қонақтарының есіктерді жабуға кедергі келтіруі. "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортынының құрметті қонақтары, есіктерді жабуға кедергі келтірмей, кабиналарға отырған кезде сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деді Shymbulakskiresort өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети