Шымкент балабақшасында жантүршігерлік жағдай болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент балабақшасында жантүршігерлік жағдай болды © КТК телеарнасының кадрларынан

Шымкентте балабақша тәрбиеленушілері бір-бірін тұншықтырып өлтіре жаздаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте балабақша тәрбиеленушілері бір-бірін тұншықтырып өлтіре жаздаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Балабақшаның кіші тобындағы бірнеше бала 4 жасар Марк Хаджиевті тамағынан жіппен буындырған. Қылқынған ол есінен танып қалыпты. Тәрбиеші тек балалар шулап қоя берген соң келген көрінеді. Енді ата-аналар жанжал шығарып, бүлдіршіндерге бас-көз бола алмағандардың жазаға тартылуын талап етуде.Марктің анасы 6 күн бұрын баласынан айрылып қала жаздағанын айтады. Балабақшадан телефон шалғандар "ұлыңыз жылап жатыр, келіп кетіңіз" депті. 

"Балабақшадан хабар келген соң күйеуіміз екеуіміз барсақ ұлым ауа жетпей қысылып отыр. Тамағы қып-қызыл. Балалар жіппен қылқындырды деп жылайды. Ал, тәрбиешілері мен меңгерушісі бала өзі құлап қалды дейді", - дейді баланың анасы Алина Хаджиева.

Ал балабақша меңгерушісі Қалбүбі Тұңғышбаеваның айтуынша, балалар ол кезде қуаласпақ ойнап жүрген. Тәрбиеші де қасында болған. Сондай-ақ, ол тәрбиешілердің жүгіріп бара жатқан баланы ұстап қала алмайтынын айтқан.  

"Енді білім бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тәрбиеші өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Алайда, бірінші басшы яғни меңгеруші жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін тәртіптік шара қолданылды", - деді Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханова. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети