Шымкент-Самара автожолында 36 адам отырған автобус аударылды: Апаттың мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент-Самара автожолында 36 адам отырған автобус аударылды: Апаттың мән-жайы

Шымкент-Самара автожолында 36 адам отырған автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент-Самара автожолында 36 адам отырған автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық жергілікті полиция қызметінің соңғы ақпараты бойынша автобуста 36 адам болған, оның 34 Өзбекстан Республикасының азаматы.

"Кеше сағат 20.40 шамасында Шымкент-Самара автожолының бойында Арал қаласының маңында "Сарыағаш-Нижний Новгород" бағытында қатынайтын Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бара жатқан автобус аударылды. Автобус ішінде Ресейден қайтып келе жатқан 36 адам болған. Оның 34-і Өзбекстан азаматы. Ал 2 жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматтары", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендерге көмек көрсету және ауруханаға апару мақсатында Арал ауданының әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқиға орнына шықты.

Оқиға орнында арнайы қызметтердің 10 бірлік техникасы жұмыс істеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, 3 адам ауруханаға жеткізілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 1 жолаушы аудандық ауруханада ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.

17 жолаушы Арал ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көмегімен жол бойындағы қонақ үйге орналастырылды. Автобус иесі кешке дейін оларды тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етеді. Қалғандары өз бетінше Ресей Федерациясына қайтып жолға шыққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети