Шымкент түбінде болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент түбінде болған жол апатынан төрт адам қаза тапты © ospetstehniki.ru

Шымкент - Арыс - Шардара тасжолында Hyundai Starex жүргізушісі мен үш жолаушысы "Газ-53" жүк көлігімен соғысқаннан кейін қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент - Арыс - Шардара тасжолында Hyundai Starex жүргізушісі мен үш жолаушысы "Газ-53" жүк көлігімен соғысқаннан кейін қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 18 қыркүйекте таңғы уақытта болған. Hyundai Starex көлігінің 1995 жылғы жүргізушісі "Газ-53" жүк көлігімен соғысып, одан кейін тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне қарай шығып кетіп, аударылған. Жол апаты салдарынан алған жарақатынан Hyundai Starex көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған, олар 1994 жылғы жігіт пен 1998 жылғы қыз.

Жүргізуші мен екі жолаушы (қыз бен жігіт) ауруханаға жеткізілген. Амал не, 1995 жылғы жүргізуші мен онымен жасты жолаушы қыз ауруханада қайтыс болған. 1970 жылғы әйел жансақтау бөліміне жеткізіліпті.

Полиция бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тергеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети