Шымкентте 64 жастағы әйелді көршісінің иті талап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 64 жастағы әйелді көршісінің иті талап өлтірді Иттердің төбелесі © Reuters

Шымкентте 64 жастағы әйелді көршісінің төбелеске апаратын иті талап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаза тапқан Надежда Чумихинаның күйеуі Павелдің айтуынша, оқиға 22 сәуірде сағат 20.00-де болған.

Әйел қоршалмаған үйінің ауласына шыққан кезде, көрші үйдің иті оған қарай секіріп, тістелей бастайды. Куәгерлердің айтуынша, ит әйелдің денесінің оң жақ бөлігі мен бетінен тістеген. Зейнеткер алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тапты. Қазір ит полицейлердің қарауында. Жәбірленуші тарап болса иттің иелерін кешіргенін айтты.

Шымкент қалалық полициясының Еңбекші бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Иттің иелеріне ҚР Қылмыстық Кодексінің 408-бабына сәйкес айыппұл салынуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети