Шымкентте анасы мас күйде жоғалтып алған сәби табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте анасы мас күйде жоғалтып алған сәби табылды © sputnik.ru

Шымкентте полицейлер анасы жоғалтып алған сәбиді саяжай аумағынан тапты, - деп хабарлайды Оtyrar.kz. Мас болған анасы жеті айлық ұлын қайда қалдырып кеткенін есіне түсіре алмаған. Нәрестені Қаратау ауданының учаскелік полицейі Қайнар бұлақ саяжай аумағындағы үйлердің бірінен тауып алған. Бала аман-сау. 

Бұл жағдайға байланысты баланың анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Әзірше баланы анасына қайтарғанымен, полицейлер әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттар дайындап жатыр. 

Еске салайық, 5 қазанда Шымкент қалалық ІІБ Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне 1985 жылғы әйел 2017 жылдың 14 ақпанында дүниеге келген сәбиін мас күйде белгісіз бір жерде қалдырып кетіп, таба алмай жатқанын хабарлаған. Төле би ауданының тұрғыны болып келетін әйелдің сөзінше, ол сәбиді Қайнар бұлақ массивінде қалдырып кеткен болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети