Шымкентте авиациялық бомба табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте авиациялық бомба табылды Фото oplot.info сайтынан алынды

Шымкенттің өнеркәсіп аймақтарының бірінен авиациялық бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің өнеркәсіп аймақтарының бірінен авиациялық бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"8 қыркүйек күні шамамен сағат 17:07-де Шымкент қалалық ІІБ-ның жедел басқару орталығының 102 кезекші бөліміне Шымкент қаласындағы өнеркәсіп аймақтарының бірінде күдікті жарылғыш зат жатқандығы жөнінде хабар келіп түскен", - делінген департамент таратқан хабарламада. 

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мен өзге де жедел әрекет ету қызметкерлері сол маңды қоршауға алып, адамдарды қауіпті аймақтан алып шыққан. "Арнайы тексеру барысында әскери бөлімнің саперлары жарылғыш затты залалсыздандырды. Анықталғандай, жарылғыш зат оқу-жаттығуға арналған авиациялық бомба болып шықты. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары аталмыш жарылғыш заттың ол жерге қайдан, қалай тап болғандығын анықтауда", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын авиациялық бомба Алматы облысында да табылған болатын. Күдікті жарылғыш затты жергілікті тұрғындар тауып алған. Ол кезде де оқиға орнына дереу жедел әрекет ету қызметінің сарбаздары жіберілген. Кейін құтқарушылар бұл жарылғыш зат лақтырып тасталған авиациялық бомба екендігін хабарлаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети