Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 39-ға жетті

Шымкентте балм?зда?тан улан?ан балаларды? саны ?сіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? Денсаулы? са?тау бас?армасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте балмұздақтан уланған балалардың саны өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған 18 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Соңғы сағаттың өзінде уланған ересектердің саны өскен. Қазіргі уақытта 39 адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте 26 адамның балмұздақтан уланғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

"Кеше үш адам жатқызылды. Артынан тағы үш адам. Түнде ұқсас ауру белгілерімен 20 адам жатқызылды. Зардап шеккендер саны 20-дан асса біз жоғары тұрған органға жазамыз. Ол тұтынушыларды қорғау департаменті", - деген еді осыған дейін аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама