30 наурыз 2018 13:23

Шымкентте 26 адам балмұздақтан уланды, төртеуі жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © pixabay.com Иллюстрациялық сурет. © pixabay.com

Шымкенттің облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына балмұздақтан уланды деген күдікпен 26 адам жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шымкенттің облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына балмұздақтан уланды деген күдікпен 26 адам жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмағандар мен ересек адамдар бар. Дәрігерлердің мәліметі бойынша, төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Кеше үш адам жатқызылды. Артынан тағы үш адам. Түнде ұқсас ауру белгілерімен 20 адам жатқызылды. Зардап шеккендер саны 20-дан асса біз жоғары тұрған органға жазамыз. Ол тұтынушыларды қорғау департаменті", - дейді аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков.

Ауруханаға бірінші болып көмек сұрап келген Қалмалхан Ерментаев болды. Оның қызы мен үш жиені ауруханаға түскен. Барлығы бір жерден бамұздақ жеген. "Бірден СЭС-ке барып, арыздандым. Маған қазір мараторий, сондықтан тексере алмаймыз деді. Сол балмұздақ сататын жерге бардым, лас. Аудандық прокуратураға барып, арыз жаздым тексерсін деп", - дейді ол. 

Зардап шеккендердің жақындары аурухана маңында жүр. "17 жастағы немерем кеше дүңгіршектен балмұздақ алып жеген. Басында ештеңе болған жоқ, артынан дене қызуы көтеріле бастады. Бірнеше сағттан кейін жедел жәрдем шақырдық. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Таңғы 8-ден бері осында жүрміз, дәрігерлер оның жағдайы туралы ештеңе айтпай жатыр", - дейді Ислам Ахметжанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети