Шымкентте бетон араластыратын көлік екі адамды жаншып тастауға сәл қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бетон араластыратын көлік екі адамды жаншып тастауға сәл қалды Видеодан алынған скриншот

Шымкентте жаяу жүргіншілерді бетон араластыратын көлік соғып кете жаздады, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Бір көліктің видеотіркегішіне құрылыс машинасының жолдан ұшып кетіп аударылғаны жазылып қалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жаяу жүргіншілерді бетон араластыратын көлік соғып кете жаздады, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Бір көліктің видеотіркегішіне құрылыс машинасының жолдан ұшып кетіп аударылғаны жазылып қалған.

Видеоны TVK телекомпаниясы жариялады. Телекомпанияның мәліметінше, оқиға Ақназархан көшесіндегі бұрынғы троллейбус паркінің маңында болды. Аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бұрылыста жолдан ұшып кетіп, аударылып қалды. Сонымен қатар, ол жол бойында тұрған микроавтобусқа соғылып, жаяулар жолымен кетіп бара жатқан екі адамды басып кете жаздады.

Жаяу жүргіншілер Құдай сақтап тірі қалды, дегенмен көлік бір әйелдің аяғын басып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан бетон араластыратын көліктің жүргізушісі де жарақат алды, ал бетонның барлығы жолға төгілді. Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети