Шымкентте бір топ жігіт қыздарды соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бір топ жігіт қыздарды соққыға жықты © Saratovnews.ru

Төбелес салдарынан Шымкенттің екі тұрғыны ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы. Оқиға 11 наурызға қараған түні "Шапағат" ықшамауданында болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төбелес салдарынан Шымкенттің екі тұрғыны ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы. Оқиға 11 наурызға қараған түні "Шапағат" ықшамауданында болған. 

Таңғы сағат 4.00 шамасында үш қыз бен бір жігіт Жолан батыр көшесінің бойымен Рысқұлов көшесіне қарай бет алады. Осы кезде оларға үш жігіт пен бір қыз кезігеді. Жәбірленушілердің айтуынша, ішімдік ішіп алған жігіттер қыздарға себепсіз бас салған. Төбелес кезінде бір қыз есінен танып қалған, ал екіншісінің жағы сынады. Жәбірленген қыздар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға болған жерге жеткен полицейлерге жәбірленушілер шабуыл жасаған жігіттерді сипаттап берді. Қазіргі уақытта Шымкентте "Ұстау" жоспарының жарияланғаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети