Шымкентте граната салынған сөмке табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте граната салынған сөмке табылды russianguns.ru сайтынан

Шымкентте граната салынған сөмке табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте граната салынған сөмке табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"19 мамыр күні Шымкенттегі Ішкі істер басқармасына қарасты Абай жедел патрульдік кезекші бөліміне Байдұқов көшесіндегі үйлерідің бірінен граната салынған сөмке табылғандығы туралы ақпарат түсті. Осы жерге жедел жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, үйде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылардың бірі - 21 жастағы жас жігіт үйдің шатырынан граната салынған сөмке тауып алған", - делінген хабарламада. 

Граната табылған үйді бірден полиция қызметкерлері қоршап алды. Сөмкеде  Ф-1 маркалы екі граната, 16 калибрлі патронның гильзалары және тапаншаның қабы табылған. "Жүргізілген сараптама нәтижесі көрсеткендей табылған граната оқу-жаттығуға арналған болып шықты. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері осы гранаталар мен басқа да заттардың кімге тиесілі екенін анықтауда, тергеу жүріп жатыр", - дейді департамент қызметкерлері.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети