Шымкентте кондуктор қайтыс болған жол апатының видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кондуктор қайтыс болған жол апатының видеосы жарияланды видеодан үзінді

Шымкентте жеңіл көлік пен автобустың соқтығысқан сәтінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің кондукторы қаза тапты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жеңіл көлік пен автобустың соқтығысқан сәтінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің кондукторы қаза тапты. 

Видеода Бәйтереков пен Назарбаев көшесінің қиылысында автобустың бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болғаны түсірілген. Осы кезде сол жақтан Toyota Camry көлігі келе жатқан. Соққы салдарынан автобус бір жағына ауып кетіп, бірнеше метр қозғалған. Camry салонында жүргізушіден бөлек тағы бір жолаушы болғаны белгілі болды, ол жол-көлік оқиғасынан кейін өздігінен көліктен шыққан. 

Еске салайық, Шымкентте жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты.

Соққыдан автобустың бір жанына аударылып қалғаны айтылады. Нәтижесінде бір адам қаза тапты, ол - кондуктор. 13 адам жарақат алды. Оның үшеуі - бала. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

"Бір әйелдің жасы 39-да, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ол миы шайқалып ауруханаға түскен. Барлығы ауруханаға 10 адам жатқызылған. Ең кішісі 17 жаста, ал ең үлкені 56-да", - деп хабарлады № 1 қалалық клиникалық аурухана қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети