Шымкентте мектеп директорының орынбасары оқушыны соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мектеп директорының орынбасары оқушыны соққыға жықты © Otyrar.kz

Шымкенттегі Мәртөбе аудандық мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыны соққыға жықты, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Оның мұндай іске баруына оқушының мұғалімнен үй тапсырмасын қайталауын сұрауы себеп болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі Мәртөбе аудандық мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыны соққыға жықты, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Оның мұндай іске баруына оқушының мұғалімнен үй тапсырмасын қайталауын сұрауы себеп болған.

11-ші сынып оқушысы Дәулет Құлтайдың айтуынша, мұғалім алғашында оны оқушылардың көзінше ұрған, кейін көшеге шығарып алып тағы да соққы беріпті. "Мен; Аға, не үшін ұрып жатырсыз? - деп сұрадым. Ол сонда да көшеге шығарып алып ұруын жалғастырды. Мен қабырғаға басыммен соғылып, ес-түзсіз қалдым", - деді оқушы. Мұғалімнің әріптесінің айтуынша, ол мұндай қадамға алғаш рет бармаған.

Білім мекемесінің басшылығы оқиғаның тексеріліп жатқанын хабарлады. "Толық тексергеннен кейін біз мұғалімге қандай жаза қолдану керегін шешеміз. Қазір бұл іспен Қаратау аудандық прокуратурасы айналысып жатыр", - деді мектеп директоры Гүлмира Әбетаева.

Еске сала кетейік, мамыр айында мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеті Интернет қолданушыларының наразылығын туғызған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети