Шымкентте пойыз жүк көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте пойыз жүк көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар © otyrar.kz

Шымкентте пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Жантүршігерлік жол апаты 4 қазанда Қаратау ауданындағы цемент зауытына жақын жердегі темір жолдың бойында болды, - деп хабарлайды "Отырар".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Жантүршігерлік жол апаты 4 қазанда Қаратау ауданындағы цемент зауытына жақын жердегі темір жолдың бойында болды, - деп хабарлайды "Отырар".

Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар жоқ. Howo жүк көлігі мүлдем жарамсыз болып қалған. Оқиға орнында тергеушілер тобы жұмыс істеген, олар оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр. Пойыз рельстен шығып кеткен. 

"4 қазанда сағат 15:56-да Шымкентте "Қызылсай - Қазығұрт" өткелінде № 10 пикеттің оныншы шақырымында электровоз бен жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің 1970 жылғы жүргізушісі зардап шекті. Ол көліктің кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жетті. Гидравликалық құрылғының көмегімен зардап шеккен ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Электровоз жүргізушісіне де медициналық көмек көрсетілген, алайда ол ауруханаға барудан бас тартты", - деді Облыстық ТЖ департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети