Шымкентте шешесі өз баласын есінен танғанша сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте шешесі өз баласын есінен танғанша сабап тастаған

Шымкентте шешесі өз баласын есінен танғанша сабап тастаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте шешесі өз баласын есінен танғанша сабап тастаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

1986 жылғы әйел өзінің жалғыз ұлын сабаған. Есінен танып қалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел баланы құлап қалды деп айтқан. Алайда дәрігерлер баланың денесін қарағаннан кейін оған соққы жасалғанын анықтаған. Дәрігерлер полицияны шақыртқан. 

Тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша соталды тергеу бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды және оның қорытындысы бойынша шешесіне қатысты шара қолданылады. 

Тергеушілер әйелдің қамауға алынуы мүмкін екенін айтып отыр. Бала ауыр жағдайда жатыр екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның бассүйегі зақымдалған, мидың жабық жарақатын алған және мойны мен беті күйген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети