Шымкентте үш баланы көлік қағып кетті: Олардың бірі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш баланы көлік қағып кетті: Олардың бірі қаза тапты © Тұрар Қазанғапов

Шымкентте үш баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 2016 жылдың 25 маусымында Тәуке хан мен Қарасу көшелерінің қиылысында болған. Mercedes-Benz 300 маркалы көліктің 1983 жылғы жүргізушісі, облыс тұрғыны жаяу жүргіншілерді қаққан.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан үш бала зардап шеккен, олар жергілікті тұрғын: 1999 және 2015 жылғы қыздар және 2000 жылғы ұл.

"Зардап шеккендердің бірі, 17 жастағы қыз қалалық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді, кейін ол есін жимастан қайтыс болды. Екі бала дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылған", - делінген хабарламада. 

Полицейлер бұл деректі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеп, ҚР ҚК-нің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Ал көлік жүргізушісі қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети