Шымкентте үш баласымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды

О?т?стік ?аза?стан облысында жаяу ж?ргіншілерді ?а?ып кеткен 23 жаста?ы ж?ргізуші ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 2017 жылдың 14 қаңтарында шамамен сағат 19.00-де Шымкент қаласындағы Жібек жолы мен Тәуке хан көшелерінің қиылысында "Ваз-21099" көлігін жүргізіп келе жатқан Сайрам ауданының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол үш баласымен бірге өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

"Жол апатының салдарынан балалардың бірі - 2012 жылғы бала оқиға орнында қаза тапты, ал екіншісі - 2007 жылғы бала алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді полицейлер.

Реклама
Реклама

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент-Ақсукент бағытымен келе жатқан жүргізушінің үш баламен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткені хабарланған болатын. Куәгердің айтуынша, әйел адам №44 автобустан "Аптека" аялдамасынан түсіп қалған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама