15 қаңтар 2017 10:24

Шымкентте жүргізуші үш баламен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент-Ақсукент бағытымен келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі үш баламен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Қайғылы оқиға сенбіде, кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкент-Ақсукент бағытымен келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі үш баламен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Қайғылы оқиға сенбіде, кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Куәгердің айтуынша, әйел адам №44 автобустан "Аптека" аялдамасынан түсіп қалған. Қолында сәбиі мен тағы екі баласы болған. Қуанышқа орай, әйел мен оның сәбиі аман қалды, ал соңынан келе жатқан үлкен екі ұлы қатты соққы алған. Бір баласы оқиға орнында қаза тауып, екіншісі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

Сондай-ақ, куәгерлер үш баланың анасы өтіп бара жатқан жолдың жақында ғана жөнделгенін, сондықтан онда қазір бағдаршамның жоқ екенін айттып өтті. Олардың айтуынша, жедел жәрдем көлігін шамамен 1,5 сағат күтуге тура келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети