Шымкентте жұмысшылар үйінді астында қалып қойды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жұмысшылар үйінді астында қалып қойды Суреттер: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Шымкентте қазаншұңқыр қазып жатқанда топырақ опырылып, екі жұмысшы үйінді астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қазаншұңқыр қазып жатқанда топырақ опырылып, екі жұмысшы үйінді астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Қаратау ауданының Нұрсат-3 шағын ауданында Назарбаев даңғылы бойында болды. Құтқарушылар пультіне хабар 20.54-те келіп түсті.

"ЮгСтройСервис-Н" ЖШС жұмысшылары жер қазып жатқанда топырақ опырылды. Жер астында 3 бірлік техника жүргізушілерімен бірге (1 тиегіш, 1 экскаватор және 1 каток) қалды. Қазаншұңқыр тереңдігі 20-25 метр, көлемі 37х37 метр", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Үйінді астында бірінші болып 1993 жылы туған ер адамды алып шықты. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Ал оның әріптестерін құтқара алмады. 1969 жылы туған ер адамның денесі 21.40-та табылды. Ал үшінші 1965 жылы туған жұмысшыны 22.49-ға дейін іздестірді. Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды.

"Оқиға болған жерде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 40 қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды. Операцияға полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері және ЖШС жұмысшылары қатысты", - делінген ведомство хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети