Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт сөндірілді Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт. ©tengrinews.kz

Шымкенттің көтерме тауарлар қоймасындағы өрт сөндірілді деп хабарлайды ОҚО ТЖҚ баспасөз хатшысы Арман Әсібаевқа сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Өртті 26 ақпанда сағат 16.51-де сөндіріуге мүмкіндік болды. Өрт шарпыған алаң 1100 шаршы метрді қамтиды, жалынның шығу себебі қазір тексеріліп жатыр. Еске сала кетелік, азық-түлік пен автокөлік доңғалағы бар үлкен қоймадағы өрт күндізгі екілер шамасында тұтанған. Куәгерлердің айтуынша, от жалыны контейнерлерден контейнерлерге тез көшіп отырған. Өртті екі жақтан өшіруге тырысқан. Бір тұсына 20 өрт сөндіруші жұмылдырылса, ал тағы бір жағына өрт сөндіруші пойыз келген. Өрт сөндіру кезінде теміржолдың сол араға жақын линиялары істен шыққан. Еске сала кетелік, өткен жылдың соңында Қарағандының орталығындағы қоймада ауқымды өрт орын алған. От жалыны жалмаған алаң шамамен 200 шаршы метрді құрайды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар болмаған. Қойма Складская көшесіндегі өндірістік нысанда орналасқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети