Такси жүргізушісі өзіне шабуылдаған жігіттерден құтылу үшін көліктен секіріп кеткен

29 Қазан, 13:39
0
Такси жүргізушісі өзіне шабуылдаған жігіттерден құтылу үшін көліктен секіріп кеткен -

Қазығұрт АПБ-не Шымкент қаласындағы танымал бір такси фирмасына тиесілі көлікті айдап, жолаушы тасымалдап жұмыс жасайтын Ордабасы ауданының тұрғыны арызданады. Ол өз арызында белгісіз 2 жас жігіт, өзін ұрып-соғып өлтіремін деп қорқыту арқылы 600 000 теңге бересің деп мүліктік талап қойып, табан астында ондай ақша тауып бере алмағаннан соң, автокөлігін күш қолданып тартып алғандығын көрсеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің анықтауынша күдіктілер такси қызметін пайдаланып, өздерін Қазығұртқа апарып-әкелуге келіседі. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі 1-2-ге жолда жүрген көліктермен адам аяғы саябырсыған соң, қалталарындағы пышақтарымен қорқытып, ақша талап еткен. Ақша болмаған соң, жүргізушіні өлтіреміз деп күш қолдана бастайды. Осы сәтте жәбірленуші жүріп бара жатқан көліктен түсіп үлгерген. Дене жарақатын алған жүргізуші жолдан көлік тоқтатып, аудандық полиция бөліміне келген. Аудандық полицейлер осы істі ашып, қатысты күдіктілерді ұстау бойынша тез арада іске кіріседі. Жедел-іздестіру шараларын жүргізеді, оның ішінде жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алып, көлікті іздестіре бастайды.

"Полицейлердің қарқынды жұмысы нәтижесінде жәбірленушінің көлігі оқиға орнынан 50 шақырым қашықтықта Сарыағаш ауданынан табылды. Күдіктілердің жеке бастары анықталып, біреуі Нұр-Сұлтан қаласына қашып бара жатқан жерінен Қордайдан ұсталды. Ал, екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден құрықталды. Күдікті жас жігіттердің екеуі де Сарығаш ауданының тұрғындары, жұмыссыз болып шықты", - делінген хабарламада. 

Полицейлер табылған көлікті заңды иесіне қайтарды. Өз кезегінде жәбірленуші Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Аталған жайт Қазығұрт АПБ-нің СДБТБ-не ҚР ҚК-нің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша тіркеуге алынды. Күдіктінің екеуі де қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жеке бастарыңыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға кеңес береді. Алыс сапарларға шығарда, жалғыз жүрмеу керектігін, сырт келбеті күдікті, таныс емес азаматтарға сенім білдірмеу керектігін ескертеді. Осындай жайттардың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, шұғыл полицияның "102" телефонына хабар беріңіздер", - деп түйіндеді полицейдер. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай