Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өз отбасының бизнесіне қатысты сауалға жауап берді. Шенеуніктің айтуынша, бұл бизнестің министрлік қызметіне еш қатысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өз отбасының бизнесіне қатысты сауалға жауап берді. Шенеуніктің айтуынша, бұл бизнестің министрлік қызметіне еш қатысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте Маржықпаев отбасының бизнеспен айналысатынын растады.
"Иә, өздеріңіз жақсы білесіздер, біздің отбасымыз бизнеспен айналысады. Бірақ оның Туризм және спорт министрлігіне еш қатысы жоқ. Мемлекеттік қызметке келгенге дейін 2008 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналыстық. Келер жылы бұл кәсіпорынға 30 жыл толады. Бұл кәсіпорын мен мемлекеттік қызметке келгенге дейін өркендеген болатын", - деді министр.
Журналистер министрдің әйелі Бурабайдағы қонақүйлер желісін иеленетін "Береке-Бурабай" ЖШС құрылтайшысы екенін атап өтті. Бұл жерде мүдделер қайшылығы болмайма ма деген сұраққа Маржықпаев былай деп жауап берді:
"Министр мен онда орналасқан шағын қонақүйлер арасында қандай мүдделер қайшылығы болуы мүмкін? Мұны қалай елестетуге болады? Бұл сұрақ мезгіл-мезгіл қойылады, бірақ мен Туризм және спорт министрлігі мен сол нысандарды қалай байланыстыруға болатынын түсінбеймін. Ешқандай мүдделер қайшылығы жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!