Такси қызметкері қаза тапқан жол апатына полицейлердің қатысы жоқ - Павлодар облысы ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Такси қызметкері қаза тапқан жол апатына полицейлердің қатысы жоқ - Павлодар облысы ІІД © Екібастұз қалалық такси паркі

Павлодар облысы ІІД Екібастұздағы такси көлігімен соқтығысқан автомобильдің салонында полицейлердің болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасынан таксидің 24 жастағы жүргізушісі қаза тапқан еді, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы ІІД Екібастұздағы такси көлігімен соқтығысқан автомобильдің салонында полицейлердің болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасынан таксидің 24 жастағы жүргізушісі қаза тапқан еді, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі осы дерек бойынша "Автомобиль басқару кезінде адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.

ІІД мәліметінше, Lada Priora автомобилінде Павлодар тұрғыны болған. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі, жұмыссыз. "Lada Priora автомобилінде болғандардың ешқайсысы полиция қызметкері емес", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

"Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде такси паркінің қызметкері Светлана Шепель жариялаған болатын. Өз постында ол жол апатының куәгерлерін іздейтінін жазды. Кейін ол куәгерлердің табылғанын хабарлады. "Әлеуметтік желі арқылы біз куәгер таптық, оның айтуынша, "лада" жоғары жылдамдықпен жүрген. Адамдар оның мас болғанын айтты. Біз жол апаты кезінде автомобильде полицейлердің де болғанын анықтадық, олар да мас күйде болған", - деді таксы паркінің қызметкері Светлана Шепель.

Lada Priora мен ВАЗ-2106 автомобильдерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 15 тамызда Абай-Торайғыров көшелерінің қиылысында болды. Қаза тапқан жігіттің артында әйелі мен төрт айлық қызы қалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети