Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаев төбелес шығарды. Бұл туралы кәсіпкер өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаев төбелес шығарды. Бұл туралы кәсіпкер өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Автордың айтуынша, субсидиялауға қатысты құжаттарды толтыру барысында кеткен қате үшін оған қағаздарды екі рет қайталап толтыруға тура келген. Құжатты бірінші рет толтырған Талдықорған қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асқар Тутубаев екінші рет ол құжатты толтырудан бас тартқан. Ер адамның айтуынша, оған бұл құжатпен танысу үшін уақыт керек. Онымен қоса, Алмас Садырбаев осыған дейін бірнеше сағат бойы қала әкімінің міндетін атқарушының қол қоюын күтіп тұрған.
"Мен өте ашулы болдым. Бар айтқаным "Сіздер есіктеріңізді жарты күн бойы күзетіп тұруға кімді мәжбүрледіңіздер". Есімде қалғаны жұмыс кабинетінде оның қоластындағылары менің қолымды қайырып, ұрып, артынша қашып кетті. Содан мен оның көмекшілерін соққыға жыға бастадым. Ал олар мені тоқтатпақ болып, қайтадан ұрып соқты... Бір сәтте Ораза ұстап жүргенімді ескеріп, өзімді тоқтатып, үйге қайтып кеттім", - дейді Садырбаев.
Талдықорған қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асқар Тутубаев өз кезегінде оқиғаның басқа нұсқасын айтып берді.
Тутубаевтың айтуынша, осы төбелеске дейін қала әкімінің экс-кеңесшісі оған қол қойдыртуға келіп кеткен.
"Ол көрсеткенде құжатта менің әріптесім Нұрлан Мәмбетжанның қолы тұрды. Ол бізде ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік етеді. Ал екінші рет келгенде онда ешкімнің қолы болмады. Одан құжаттарды қалдырып кетуді сұрағаным - рас. Мен құжатты оқып шыққым келді, себебі оның бірінші нұсқасында қателіктер болды. Ал субсидияның көлемі аз емес - 7 миллион теңге. Біз онымен жақсы таныспыз, әріптес те болдық", - дейді Асқар Тутубаев.
Төбелесті Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмасбек Сабырбаев бастаған. Ол экс-кеңесшінің бетінен ұрған. Кейінірек осы сәтте кабинетте отырған әкімдік қызметкері кәсіпкерді ашуға толы болған кәсіпкерді тоқтатпақ болып, кабинеттен шығарып жіберген. Кәсіпкер дәлізге шыққан соң ғана тынышталған. Төбелестің салдарынан қала әкімінің міндетін атқарушы Сабырбаевтың жейдесі жыртылып кеткен. Кейінірек бұл оқиға жайлы құқық қорғау органдарындағыларға хабарланды.
Әкімдіктегілер Алмасбек Садырбаевтың биыл 10 сәуірде жұмыстан қуылғанын хабарлады.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегіле осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтты.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері де осы оқиғаға қызығушылық танытты.