Талдықорған маңында екі орынды тікұшақ құлаған кезде облыстық мәслихаттың депутаты қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, тікұшақ жол құрылысы жүріп жатқан Көксу ауданында апатқа ұшырады. Оқиға 27 мамырда түстен кейін болды.

Депутат Жанайдар Егінбаевтың қаза болғанын агенттікке өңірлік ТЖД мен облыс әкімдігіндегілер растады. Егінбаев ELA 07 S маркалы автожирды басқарған және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аймақтан ұшып өтпекші болған. Одан басқа тікұшақта ешкім болмапты. Алдын ала болжам бойынша, автожир жоғары вольтты электр өткізгіш желісін іліп өткен. Ұшқыш сол жерде қайтыс болды. Айта кетейік, депутат "Талдықорган жолдары" ЖШС құрылтайшысы және тікұшақ та соған тиесілі.
Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебі кейін жарияланады.
Қаза болған Жанайдар Егінбаев екі рет облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған. Ол 1950 жылы 28 шілдеде Көксу ауданында туылған, кей жылдары жергілікті кәсіпорындарда механик және инженер болып қызмет етті. Үйленген, үш баласы бар. "Құрмет" орденімен және "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.