Талдықорған тұрғыны көлік ұрлап, кейін оны алған жеріне әкеліп қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған тұрғыны көлік ұрлап, кейін оны алған жеріне әкеліп қойған Фото:depositphotos.com

Жетісуда полиция жоғалған көлікті дер кезінде тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісуда полиция жоғалған көлікті дер кезінде тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлігін тұраққа қойған Golf автокөліктің иесі 2025 жылдың 1 қаңтарында жағымсыз жағдайға тап болды.

"Түске таман ол көлігінің жоғалып кеткенін байқап, полицияға жүгінді. Дәл сол күні таңсәріде, 20 жастағы азамат үйінің ауласына шығып, айналасындағы көліктерді байқайды. Оның көзі жақын жерде тұрған Nissan көлігіне түсіп, есіктерін тартып көрген – ашық екен. Жағдайды пайдаланып, ол көліктің капотын ашып, аккумуляторын ұрлайды. Бірақ бұл әрекетпен тоқтамай, күдікті аулада тұрған Golf көлігін де көздейді. Ол көлікті айдап әкетіп, Алматы қаласына қарай жол тартады", - делінген хабарламада.

Алайда, түстен кейін өз ісінің ауыр зардабын түсініп, қайта Талдықорғанға оралып, ұрланған көлікті тастап кетеді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Олар оқиға болған аудандағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерттеп, күдіктінің ізіне түскен.

"Осылайша, құқық қорғау органдары қылмыскерді тез арада анықтап, ұстады. Қазіргі таңда күдіктінің заңсыз әрекеттерінің себептері тергеліп жатыр. Оның бұл әрекеттерге не үшін барғаны жақын арада белгілі болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети