Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады: Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады: Оқиғаның мән-жайы © Тengrinews.kz

Талдықорғанда болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 31 наурызда таңертеңгі сағат 08.00 шамасында әскери ғимараттың ішінде болған.

"Әскери шендегі екі әріптес бір-бірімен келіспей қалып, біреуі оқ атқан. Екіншісі сол жерде мерт болған. Алғашқыда әлгі оқ атқан қызметкер кабинетке ешкімді кіргізбей тұрған. Оқиға орнына келген құзырлы орган басшылары онымен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде әскери қызметкер өз бөлмесін ашқан. Бірақ осы кезде қолындағы аңшы мылтығын терезеден сыртқа қарай лақтырып үлгерген. Сөйтіп өзі құқық қорғау органдарына өз еркімен берілді", - деп хабарлады тілші.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орны қоршауға алынған. Ешкімді өткізбейді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әскери қызметкердің Талдықорғандағы әскери комиссариат ғимаратында әріптесін атып тастағаны хабарланған болатын. Оған дейін Талдықорғанда әскери комиссариат ғимаратының қоршауға алынғаны хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети