Талдықорғанда әуеге көтерілген Су-27 жойғыш ұшағы оқыс оқиғаға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорғанда әуеге көтерілген Су-27 жойғыш ұшағы оқыс оқиғаға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 26 қазанында сағат 18.00-де Талдықорған аэродромында Су-27 ұшағы оқу-жаттығу ұшуын жүргізу барысында авиациялық оқыс оқиғаға тап болған.
Осы оқиғаға байланысты Талдықорғанның "Жетісу" аэродромы әуе кемелерін қабылдауды тоқтатқаны хабарланып отыр.
"Ұшақта механикалық зақымдары бар. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігі жария етпеді.
Су-27 - көп мақсаттағы, жақсартылған, терең жетілдірілуден өткен, әке кеңістігінде басымдықты алуға арналған ұшақ.