Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуылдап, тамағын кесіп жіберген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, тамағын кесіп жіберген. Оқиғаның егжей-тегжейі әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, тамағын кесіп жіберген. Оқиғаның егжей-тегжейі әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 27 қазанда қаладағы сұлулық салондарының бірінде болған. 28 жастағы қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның қызды жерге құлатып, тұншықтырып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін ол үстелден қағаздарға арналған пышақты алып, қызды бауыздауға тырысады. Пышақпен бірнеше соққы жасағаннан кейін ер адам кетіп қалады.

Айта кетейік, бұрын қызды жігіті жүйелі түрде ұрып-соғып келген, бірақ қыз кешірген. Ал биыл қазанда Талдықорған қалалық соты ер адамға қызға жақындауға тыйым салған. Бірақ бұл шаралар оны тоқтатпаған. Ол қызды аңдуын жалғасытырған.

Полицейлердің "Суық қару қолданып жасалған бұзақылық" бабы бойынша іс қозғағаны, ал шабуылшының өзі қазір үйқамаққа алынғаны хабарланды.

Осыған байланысты редакция пікір алу үшін Жетісу облысы бойынша Полиция департаментіне жүгінді. Олар қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстағанын, ол жәбірленушінің 35 жастағы танысы болып шыққанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта күдікті полицияға жеткізілді. Тергеуші істі "Адам өлтіруге оқталу" санатына ауыстыру туралы қаулы шығарып, прокурормен келісілген. Тергеуді облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro