Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды Фото: Алматы облысы ТЖД

Талдықорғанда ер адам Қаратал өзенін көлікпен жүріп өткісі келіп, суда тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ер адам Қаратал өзенін көлікпен жүріп өткісі келіп, суда тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

9 сәуірде түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Талдықорғанда 1989 жылғы ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келіп, өзен ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Көлік Қаратал өзенінің ортасында 1.5 - 2 метр тереңдікте тұрып қалғаны хабарланды. Ал жүргізуші көліктің төбесіне шығып алған. 

"Құтқарушылар құтқару арқанының және кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады", - деді ТЖД өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almatyobl_tjd (@almatyobl_tjd)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети