Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Талдықорғанда газ жарылысынан қираған үйдің кіреберісі жаңадан тұрғызылады

03 Желтоқсан 2014, 12:40
0
Құтқарушылар ТЖ орнында. Фото Алматы облыстық ТЖД
Құтқарушылар ТЖ орнында. Фото Алматы облыстық ТЖД

Талдықорғанда газ жарылысы кезінде құлап қалған үйдің кіреберісі жаңадан тұрғызылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Газ 30 қарашада көппәтерлі тұрғын үйде жарылған болатын.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, жаңа подъезд екі айдың ішінде салынып бітеді. Газ жарылған орын мен үйдің қираған бөлігін көріп қайтқан әкім, қираған үйді қалпына келтіріп, жөндемей, апатты алты пәтерлі үйді іргетасынан бастап қайта қалауды ұсынды. "Қираған кіреберіс жаңадан тұрғызылады, ал екінші кіре берістің конструкциясын күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыс екі айдың ішінде аяқталуы тиіс", - деді Баталов.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда 30 қараша күні түнде көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылды. Салдарынан жеті адам қаза болды, олардың біреуі бала. Алдын ала мәліметтер бойынша, газдың жарылуына газды қолдану кезіндегі абайсыздық себеп болған. Әкімдік қаза тапқандардың отбасыларына миллион теңгеден беруге шешім шығарды. Жарақат алғандарға бес жүз мың теңгеден берілді. Аталған факт бойынша "Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай