Талдықорғанда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жер сілкінісі болды ©emsc-csem.org

Талдықорғанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станцияларының желісі 2014 жылдың 23 желтоқсаны күні Алматы уақыты бойынша 20 сағат 59 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді", - делінген хабарламада. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Талдықорған қаласынан төрт шақырымда және Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 239 шақырымда анықталды. Тербелістің магнитудасы - 5,1. Энергетикалық класы - 10,6. Жерасты дүмпулері 20 шақырым тереңдікте болды.

Талдықорғанда жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 3-4 балл түрінде сезілді. 

Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 болды. Еске сала кетейік, мұның алдында 23 желтоқсанда сағат 00.38-де Алматы облысында магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Алматыдан 284 шақырымда болды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети