25 қаңтар 2016 | 12:46

Талдықорғанда кәріз құдығынан шала туған өлі нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда кәріз құдығынан шала туған өлі нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда кәріз құдығынан шала туған өлі нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Нәресте 22 қаңтарда Алматы облыстық аурухананың маңында табылған. Оны кәріз люктерін тазалаумен айналысатын компанияның қызметкерлері көрген. ІІД өкілдері дәрігерлердің ақпаратынша, күні жетпей туған нәрестенің 20 апталық екенін хабарлады.

Осы дерек бойынша "Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру" бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. "Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Сотқа дейінгі іс Талдықорғанның ІІД өндірісінде", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети