Талдықорғандағы түнгі клубтың маңында соққыға жығылған 29 жастағы жігіт облыстық ауруханада қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық аурухананың емдеу бөлімі директорының орынбасары Мейрамгүл Сәкенова айтын берді.

Аурухана қызметкерінің айтуынша, ер адам емдеу мекемесіне өте ауыр жағдайда түскен. Ол бүгін, 19 сәуірде қайтыс болды.
Достарының айтуынша, Альфат өте ақкөңіл, жақсы жігіт болған. "Басқаларға үнемі көмектесіп жүретін. Отбасында жалғыз ұл болды. Үйленіп үлгерген жоқ, зейнетақы қорында жұмыс істеді", - деді оның досы Айдар Жазылбеков.
Еске салайық, 29 жастағы Альфат Ешмұратовты белгісіз біреулер соққыға жыққан болатын. Ол 17 сәуірге қараған түні түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіледі.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері осы дерек бойынша екі жігітті ұстаған. Болжам бойынша, жігіттер көңіл көтеру мекемесінің маңында ерегесіп қалған. "Осы төбелеске қатысқан 1989 жылғы жігіттер ұсталды. ҚР 106-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.